Қорғаныс министрлігі қырағылықты күшейту бойынша шаралар қабылдады
Ауғанстан Ислам Республикасындағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты Қарулы Күштерде қырағылықты күшейту бойынша шаралар қабылданды. Қорғаныс министрлігінде өткен аппараттық кеңесте осындай шешім қабылданды. Қорғаныс министрі өңірдегі жағдайды қадағалау және талдау, күштер мен құралдардың тәуліктік кезекшілігін ұйымдастыру бойынша міндеттер қойды.
Дәурен Абуллин, ҚР ҚК БШ стратегиялық жоспарлау департаменті басқармасының бастығы:Әуе кеңістігін қорғау бойынша қызмет атқаратын кезекші күштер мен әуе шабуылына қарсы қорғаны және майдан авияциясының құрамы ұлғайтылды. Әскери нысандардың диверсияға қарсы қауіпсіздігі күшейтіліп, қоймалар мен арсеналдарды күзету үшін қосымша жасақтар бөлінді. Арнайы операциялар мен әскери көлік авияциясының бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21