Мемлекет басшысы Ауғанстандағы ахуалға байланысты жиын өткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға байланысты кешелі бері екінші рет жиын өткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Жиынға Премьер-Министр, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы және бірқатар министрлер, Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі мен Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қатысты. Ауғанстан Ислам Республикасындағы ахуалға орай ұлттық мүддемізді ескере отырып, шұғыл әрекет шаралары мен ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Президент құзырлы мекемелерге Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:16