Президенттік жастар кадр резервінің екінші кезеңі басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттік жастар кадр резервінің екінші кезеңі басталады

16.08.2021

Президенттік жастар кадр резервіне кандидаттарды іріктеудің екінші кезеңі 1 қыркүйекте басталады. Оның қорытындысы бойынша мемлекеттік сектор үшін 50 адам таңдап алынады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы мәлімдеді. Талаптарға сәйкес, үміткер Қазақстан азаматы болуы тиіс. Жасы 35-тен аспаған, жоғары білімді және еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы керек. Тағы бір жаңашылдық – кандидаттың қоғамдағы түйткілді мәселелерді шешуге қызығушылық танытуы жоғары бағаланады. Жоба үшін арнайы портал іске қосылады. Іріктеу кезеңіне бұған дейін саяси, мемлекеттік және әкімшілік корпус қызметіне тағайындалғандар қатыса алмайды.

Ерлан Әбіл, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры: 
Үміткерлерде мемлекеттік тілді білу деңгейін растайтын КазТест немесе Qazaq resmi test сертификаттары болуы шарт. КазТест оффлайн форматта өтуді қажет етсе, Qazaq resmi test-і үміткерлер өздеріне ыңғайлы уақытта онлайн тапсыра алады. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу