Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жалғасып жатыр

22.11.2019

Президенттік жастар кадр резервінің шешуші кезеңіне өткен үміткерлердің жартысы шетелде білім алған. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова айтты.

Оның сөзінше, қазір іріктеудің үшінші кезеңі аяқталып, 400 адам келесі турға өтті. Бұл кезеңде үміткерлер өздерінің жобаларын қорғап, эссе жазса, алдағы сында сарапшылар комиссиясымен сұхбаттасады. Комиссия мүшелерімен әңгімелесу 27 қараша мен 13 желтоқсан аралығында өтеді. Нәтижесінде 330 адам таңдалып, Ұлттық комиссияның қарауына ұсынылады. Ал ол сыннан сүрінбей өткен 300 маман түрлі мемлекеттік істер бойынша арнайы оқуға жіберіледі.

Аманкелді Сейітхан  

Хабарламаларға жазылу