Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі - вакцина алмағандар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі - вакцина алмағандар

13.08.2021

Коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі – вакцина алмағандар. Стационарларда ем қабылдап жатқан науқастардың барлығы дерлік екпе алуды қажет деп таппаған. Алматылық дәрігерлер осылай деп мәлімдеді. Вирустың мутациялануына байланысты соңғы кезде жастар мен балалар арасында да коронавирус жұқтыру дерегі жиілей бастады. Сондықтан медицина мамандары жақын адамдарды қорғау және ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін жаппай вакцинациялау ең тиімді тәсіл екенін айтады.

Фарида Ағыбаева, қалалық №8 емхананың бас дәрігері:
Ақпан айынан бастап біз вакцина салып жатырмыз. Қазіргі таңда біздің емханадан 29 250 адам екпе алды. Осы екпе алғандардыің арасынан коронавируспен ауырғандардың саны 0,03 пайызды құрайды.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу