Павлодар облысында екпе салдырушылар саны екі есеге көбейді
Соңғы күндері Павлодар облысында екпе салдырушылар саны екі есеге артты. Күніне 2,5 мың адамға дейін вакцина салдыруда. Себебі, короновирустың таралуы тежелер емес. Ал, дәрігерлер әсіресе жастардың көптеп кеселге шалдығып жатқанын мәлімдеді. Аймақта әр тәулік сайын 300 ге тарта адамның ауру жұқтыратыны тіркеліп отыр. Өңірде 450 мың адамға вакцина егу жоспарланған.
Асылбек Ерғалы, Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы міндетін атқарушы:1-ші компонентті 54 пайыз құраса, 2-ші компонент 42 пайызды құрап отыр. Яғни, 1-ші компонентті 243 мың адам алса, 2-ші компонентті 190 мыңнан аса адам қабылдады.
Ал Ақмола облысында, керісінше, вакциналау қарқыны бәсеңдеп кетті. Аймақтың денсаулық сақтау басқармасы бастығының айтуынша, екпе егу пунктеріне келіп жатқан тұрғындар аз, белсенділік төмен. Облыста екпе алуы тиіс 411 мың адамның 233 мыңы вакцинанның 1-компонентін салдырған.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09