Халықаралық жастар күніне арналған іс-шараларға 800 мың қазақстандық қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық жастар күніне арналған іс-шараларға 800 мың қазақстандық қатысады

12.08.2021
Халықаралық жастар күніне арналған іс-шараларға 800 мың қазақстандық қатысады

Бүгін, 12 тамызда Халықаралық жастар күні аясында бүкіл ел бойынша жастарды қолдауға және оларды мемлекеттің қоғамдық өміріне тартуға бағытталған 200-ден астам онлайн-іс-шара өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шаралар аясында 800 мыңнан астам жастар қамтылады.

Барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жастардың өзекті мәселелерін талқылап, шешу жолдарын ұсынатын өңір әкімдері жанындағы кеңес отырыстарын, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында қайырымдылық іс-шараларын және волонтерлердің қатысуымен экологиялық акцияларды өткізу жоспарланған.

Халықаралық жастар күні іс-шараларының маңызды бөлігі ЖОО және ТжКБ ұйымдарының түлектерін, NEET санатындағы жастарды және т. б. жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында вакансия жәрмеңкелерін ұйымдастыру болады.

Еліміздің барлық өңірлеріндегі іс-шаралардың жас қатысушылары мемлекеттік қолдау шаралары бойынша онлайн-консультациялар алады, сондай-ақ мотивациялық және құқықтық дағдыларды, кәсіпкерлік және цифрлық құзыреттерді дамыту бойынша вебинарларға қатысады.

Бұдан басқа, әлеуметтік желілерде экологиялық және қайырымдылық іс-шаралар, ағартушылық челлендждер ұйымдастырылады.


Хабарламаларға жазылу