Қордай ауданында 10 жастағы бала аттракционнан құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қордай ауданында 10 жастағы бала аттракционнан құлап кетті

11.08.2021

Жамбыл облысы Қордай ауданында 10 жастағы бала аттракционнан құлап, жазым бола жаздады. Әлеуметтік желіде тараған мына бейнежазбада әткеншекке мінген бала биіктен құлап кеткен. Абырой болғанда жасөспірім аман. Медициналық көмекке жүгінбеген. Баланы саябаққа ата-анасы өздері апарған. Қазір балалар ойын алаңының техникалық талаптары тексеріліп жатыр.

Нұрболат Сатымқұлов,  Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы: 
Ата-анасы жергілікті полиция бөліміне және орталық ауруханаға арыз шағым түсіріп қайырылмады. Бүгінгі таңда атракциондық әткеншек иесінің өзінің шешіміне сәйкес әткеншектің жұмысы тоқтатылды.


Хабарламаларға жазылу