Павлодарда жалған іссапар рәсімдеген мемлекеттік қызметкерлер сотталды
Павлодарда «іссапар шығыны» деп көрсету арқылы миллиондаған бюджет қаржысын қалтаға басқан мемлекеттік қызметкерлер сотталды. Олар екі жыл ішінде 9 млн теңге жымқырған. Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы 3 жылға, оның қарамағындағы 2 бөлім басшысы мен есепші 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Күдіктілер жалған іссапар рәсімдеуден бөлек, мемлекеттік қызметті кәсіпкерлік мақсатта да пайдаланған.
Мәдина Нысанбекова, Облыстық соттың баспасөз хатшысы міндетін атқарушы:
Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактісі бойынша 364-ші баптың 1 ші бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік лауазымдық қызметпен айналысу құқығынан айрылды. Үкім заңды күшіне еңген жоқ.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04