Ордабасы ауданы Сарыарық ауылында облыстық жедел штаб құрылып, «қауырт желі» ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ордабасы ауданы Сарыарық ауылында облыстық жедел штаб құрылып, «қауырт желі» ұйымдастырылды

25.06.2019

Арыстағы апаттың салдарымен күресіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешелі бері сақшылар оқиға орында тапжылмай міндеттерін орындап жүр. Ордабасы ауданы Сарыарық ауылында облыстық жедел штаб құрылды. Сондай-ақ «Қауырт желі» жұмысы ұйымдастырылды.

Кол-орталық нөміріне 11 мыңнан астам қоңырау түскен екен. Құтқару шараларына жұмылдырылғандардың саны 1282 адам. Олардың ішінде 357 Төтеннше жағдай қызметкері, 345 полиция қызметкері, 580 Ұлттық ұлан жауынгері бар. Сондай-ақ 115 дана техника, 1 «ЕС-145» тік ұшағы және 3 өрт сөндіру пойызы жұмыс істеді. Тікелей Арыс қаласының өзінде 23 өрт сөндіру тобы тілсіз жаумен күресті. Бұл құрылымдар 21 тұрғын үй, 9 шаруашылық құрылысы, сондай-ақ 15 дала өртін сөндірді. Төтенше жағдай аумағынан 2 815 адам көшірілсе, 39 мың адам қаладан өздері шығып кеткен. Шаһардағы құқықтық тәртіп пен мүліктердің сақталуын қамтамасыз ету үшін полицияның 75 жасағы патрулдеуге тартылды. 3 блок-бекет қойылды. Шыққан автокөліктер тексерілді.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу