Маңғыстау облысында қуаңшылықтан зардап шеккен шаруашылықтардың тізімі жасақталуда
Маңғыстау облысында аштықтан малы қырылып, қуаңшылықтың зардабын тартып отырған шаруашылықтардың тізімі жасақталып жатыр. Аудан-қала басшылары сол тізім бойынша өз аумақтарындағы малшылардың мәселесін шешуге атсалыспақ. Бұған қоса, мал басын түгендеу, тіркеу жұмыстары жалғасуда. Себебі, мал азығына жұмсалған шығындарды ішінара өтеу үшін аналық малға қаржы беріледі. Осы мақсатта мемлекеттен 1,9 млрд теңге бөлінді. Алайда, облыста 840 мың үй жануарының 460 мыңға жуығы ғана тіркелген. Ақтау қаласы аумағындағы шаруалар көмекті толықтай алып үлгерді. Аймаққа басқа өңірлерден шөп әкелу жұмыстары жалғасуда. Ал, қыста шаруаларды жем-шөппен қамту үшін қазынадан 5,3 млрд теңге бөлінген.
Серік Қалдығұлов, Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:Жеке фонд құрылған осы арнайы келген шөптің бағасын түсіру бағытында. Қазір келіп тұрған нарықтағы бағадан шөптің бағасы 20 пайызға арзан. Айталық, 16 мыңның 300 кг орама шөптері 12 мыңнан халыққа ұсынылуда. 1300-1400-дің түк шөбі 900-1000 теңгеден халыққа ұсынылуда.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәскеуде Ә.Бөкейхановтың бюсті орнатылды
11.03.2026, 13:18
БҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасы нәтиже беруде
11.03.2026, 13:15
15 наурызда қоғамдық көліктер тегін жүреді
11.03.2026, 13:12
Білім мен ғылым – Конституция жобасының өзегі
11.03.2026, 13:09
«Қызылорда – Ақтөбе» автожолын төрт жолаққа кеңейте бастады
11.03.2026, 13:06
Алматыда 27 см қар жауды
11.03.2026, 13:03
Қостанай облысында барлық бағыттағы жол жабылды
11.03.2026, 13:00
Ербол Хамитовтың ата-анасы жанкүйерлерге алғыс айтты
11.03.2026, 10:22