Алматы облысында өрттен 8 адам құтқарылды
Алматы облысының Талғар қаласында көпқабатты үйлердің бірінде өрт шығып, 8 адам құтқарылды. Олардың алтауы бала.
Жалындаған от үшінші қабаттағы пәтерден шыққан. Айналасы 10 минуттың ішінде үй ішін қою түтін басып, тұрғындарға қауіп төнді. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында барлық адам эвакуацияланды. Қызыл жалынның ғимарат шатырын шарпып, көрші үйлерге таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жау электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған.
Күләш Шоқабаева, Талғар қаласының тұрғыны:
Екі немерем ұйықтап жатқан. 15-20 минуттан кейін үйге келсем өрт болып жатыр екен. Өрт сөндірушілерге рақмет. Дер кезінде келіп бала-шағамды, тұрғындарды аман-есен алып шықты.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32
Ресейде қауіпсіздік шаралары күшейтілді
15.09.2026, 10:06
БҰҰ Газадағы бейбіт тұрғындардың өміріне алаңдаулы
15.09.2026, 10:05
Мұнай бағасы 110 долларға жуықтады
15.09.2026, 10:04
Трамп ЖИ әрекетін реттейтін тетік бар деп мәлімдеді
15.09.2026, 10:03
Қазақстан цифрлық активтерді экономиканың жаңа бағытына айналдырмақ
15.09.2026, 10:02
Президент Hanwha Group вице-төрағасын қабылдады
15.09.2026, 10:01
«Шетелде білім алып, елге оралу керек»
14.09.2026, 23:14