Ресейде шектеу шаралары жеңілдетілді
Ресейде коронавирусқа байланысты шектеу шаралары жеңілдетілді. Өйткені жаппай екпеден кейін індеттің таралуы 2 есе азайған. Бізбен байланысқа Мәскеуден Индира Бегайдар қосылады.
Индира Бегайдар, тілші:
Ресейдің бірқатар өңірінде эпидахуал жақсарғандықтан, шектеу шаралары алынып тасталды. Яғни Мәскеуде осыған дейін тұрғындар қоғамдық тамақтану орындарына тек вакцина алғанын дәлелдейтін QR код арқылы кіретін, бұл шектеу жойылды. Барлық мейрамханалар, түнгі клубтар, спорттық-мәдени нысандар бұрынғы жұмыс режиміне көшті. Қолғап кию енді міндетті емес. Ал Ресей шекарасын ашқан мемлекеттердің студенттері қыркүйекте сабақты оффлайн жалғастыра алады. Бірақ Ресейге келердің алдында үш күн ішінде тапсырған ПТР-тест анықтамасы болуы тиіс. Бүгінгі күні іргелес елде 37 млн-нан астам адам Covid-19 ға қарсы екпе салдырған.
Геннадий Онищенко, иммунолог:
Шектеу шаралары ешқандай нәтиже бермеді. Тек вакцинациялау арқылы ғана індетті жеңе аламыз. Мәскеуде 2500-нан астам қоғамдық тамақтану орындары өз қызметкерлерінің коронавирусқа қарсы екпе алғанын мәлімдеді. Енді осы айдың соңында Ресейде тұмауға қарсы жаппай вакцинациялау басталады.
Дегенмен тұрғындардың 60 пайызын вакциналау үшін жарты жыл керек. Тек сол кезде ұжымдық иммунитет қалыптасады. Сондықтан өңірлердің жартысы иммундау шарасын міндеттеді. Ал денсаулық сақтау министрлі бірінші кезекте 60 жастан асқандар екпе салуы тиіс екенін жеткізді. Ол заң жүзінде бекітілмек.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02