Якутиядағы өрттен ауаға 505 мегатонна улы газ бөлінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Якутиядағы өрттен ауаға 505 мегатонна улы газ бөлінген

05.08.2021

Ресейдің Якутиясында орман өртінен маусымнан бері ауаға 505 мегатонна көмірқышқыл газының эквиваленті тараған. Бұл - Еуропа Одағының Атмосфераны бақылау жүйесінің мәліметі. Жыл басынан бері тілсіз жау республикада 4,2 миллион гектар алқапты шарпыған.

Экология жанашырлары өрттен зиянды қалдықтар әлі де көптеп бөлінуі мүмкін деп қауіптеніп отыр. Жалынның жылдам тарауына аптап ыстық себепші. Бұған қоса, өңірге жаңбыр жаумай, жағдайды тіпті қиындатып отыр. Ормандарды құтқаруға өрт сөндіруші мамандармен бірге әскерилер де тартылып жатыр. 

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу