«Ұшақпен дәрі шашып жатыр»: Жалған ақпарат таратқан жігіт кешірім сұрады
Түркістан облысында жергілікті тұрғын «ұшақпен дәрі шашып жатыр» деп әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқан. «WhatsApp» желісінде «АН-2» маркалы ұшақтарының видеосын салған ер адам тіпті халықты осыған байланысты жиналуға үгіттеген. Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру жүргізіп, ұшақтардың Қара аспан ауылы маңындағы егістік алқапқа тыңайтқыш шашып жүргенін анықтаған. Ал, жұртқа жалған ақпар таратқан жігіт сол ауылдың тұрғыны болып шықты. Оған қатысты Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті өзінің жасаған кінәсін мойындап, кешірім сұрады.
Күдікті:
Коронавирус туралы айтқаным, коронавирустың дәрісін шашады дегенімнің бәрі өтірік. Мен анықтап білдім. Енді мен сіздерден мұндай жалған ақпарат жібергеніме кешірім сұраймын. Кешіріңіздер.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Электр қуаты толық қалпына келтірілді
08.09.2026, 20:00
Астанада жүзуден Әлем кубогы өтеді
08.09.2026, 17:35
Қарағанды облысында 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 17:33
Семейді абаттандыру қарқын ала бастады
08.09.2026, 17:30
Талғардағы демалыс орындары мен күре жолдарды тазалады
08.09.2026, 17:27
Алматылықтарға Бас жопарға қатысты байланыс орталығы қосылды
08.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
08.09.2026, 17:22