Сыр өңірінде инспекторларға шабуыл жасағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр өңірінде инспекторларға шабуыл жасағандар ұсталды

30.07.2021

Сыр өңірінде «Охотзоопром» мекемесінің инспекторларына қару кезеніп, оқ атқан қаскөйлер ұсталды. Оқиға Жалағаш ауданының Қызылқұм даласында болған.

Табиғат қорғаушылары рейд барысында ең әуелі жапан далада қарақұйрықты өлтіріп, етін жіліктеп қапқа салып жатқан бір адамды ұстаған. Тиісті хаттамасын толтырып, айғақ заттарды тәркілеген соң, екінші топ полицейлерді шақыруға кеткен. Сол аралықта, құрықталған браконьердің сыбайластары келіп, күтпеген жерден инспекторларға шабуыл жасаған. Қарудан оқ боратып, қорықшыларды әбден қорқытып, өміріне қауіп туғызған. Олар айғақ зат ретінде алынған қарақұйрық етін жойып, ұсталған адамды босатып, тайып тұрған. Бірақ екінші топтың инспекторлары дер кезінде оралып, алысқа ұзамаған қаскөйлерді қайта ұстаған. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды.

Рашид Ибраев, «Охотзоопром» РМК Қызылорда филиалының инспекторы:
Біреуі кезеп тұрды, екіншісі дөңгелегімізді атты. Қозғалсаңдар атып, өлтіріп кетеміз деп негізде қаскөйлердің бізді атып жарақаттап кетуіне келіп тұрды бізге қарай. Әдейі.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу