Ғарыш станциясы бір сәтке бақылаудан шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғарыш станциясы бір сәтке бақылаудан шықты

30.07.2021

Халықаралық ғарыш станциясында келеңсіз оқиға болды. Өйткені, онымен түйіскеннен кейін ресейлік «Наука» атты модульдің қозғалтқышы кенеттен іске қосылған. Осы жағдайдан соң орбиталық бекет бір сәтке бақылаудан шықты деген мәлімет бар.

Дегенмен, НАСА-ның мәлімдеуінше, модульдің күтпеген әрекетінен станция зақымданған жоқ. «Роскосмос» болса, бұл инцидентті тергейтінін хабарлап отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу