Елордада студенттер вакцина алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада студенттер вакцина алды

29.07.2021

Елорда жастары тұрғындарды вакцина алуға үндейтін шара ұйымдастырды. 70-ке жуық жас «Stop Covid» акциясы аясында сауда орталықтарының бірінде екпе алды. Жастар індетті жеңудің жалғыз жолы вакцина алу деп отыр. Олар жақсы иммунитет қалыптастырып, жаңа оқу жылын оффлайн форматта бастауға қолдау көрсетпекші. Апта соңына дейін жалғасатын акция басқа шаһарлардағы жастарға эстафета ретінде жолданады. Айта кетейік, бас қалада 51 мыңға жуық студент бар.

Орынбасар Әмзебек, студент:
Мен денсаулық – өмір кепілі екенін білемін. Өз денсаулығымды сақтауға атсалысқым келеді. Және коронавирус инфекциясынан қорғану үшін вакцинаны қабылдадым.

Айнұр Төлеубай, студент:
Вакцина алып отырмын. Барлық достарымды және елорда тұрғындарын вакцина алуға шақырамын.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу