Алматы облысынан Маңғыстау өңіріне 15 мың түк шөп жөнелтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысынан Маңғыстау өңіріне 15 мың түк шөп жөнелтілді

28.07.2021

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары қуаңшылықтан зардап шегіп отырған Маңғыстау өңіріне 25 вагон жем, шөп жіберді. Аймақтың белсенді азаматтары ұйытқы болған игі іске көпшілік те атсалысып, шамамен 15 мың түк шөп жиналған. Тұрғындар бүгін бір кісідей жұмылып, таңнан бері жүкті вагондарға тиеуге көмектесті. Олар енді жиналған жылу шын мұқтаждарға үлестірілсе екен деп тілеп отыр. Сондықтан, жүктің тиісті орындарға жеткізілуін қадағалау үшін ауданнан бір топ адам жолға шықпақ. Бұл бастама осымен тоқтамай әрі қарай жалғасады. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар малға азық таппай отырған өңірлерді қолдауға өзге аудандар да атсалысса дейді.

Бақыт Тушаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер:
Осы елдің ынтымағы, бірлігі. Малым жанымның, жаным арымның садағасы дейді қазақ. Осы аманатымыз сол елге жетсе, ең бастысы. Біздің де осы өз тарапымыздан қосқан үлесіміз болады. Мынау бай, мынау кедей деп бөлінбей, барлығына теңдей бөлінсе екен дейміз.


Хабарламаларға жазылу