Қордайда имамдардың біліктілігін жетілдіру апталығы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қордайда имамдардың біліктілігін жетілдіру апталығы басталды

27.07.2021

Жамбыл облысы Қордай ауданында имамдардың біліктілігін жетілдіру бойынша жазғы семинар басталды. Былтыр Сортөбе елді мекенінде ашылған имамдар үйінде түрлі дәрістер өтпек. Мұнда теріс ағымдармен күресуде алдыңғы шепте жүрген мешіт имамдары білімін арттырып қана қоймай өзара тәжірибе алмасады. Әрі елімізге белгілі теолог ғалымдардан сабақ алады. Бұл академиялық сағаттар дін саласы қызметкерлері үшін маңызды болмақ.

Бейбіт Мырзагелдиев, Жамбыл облысының бас имамы:
Ихсан ілімін халыққа насихаттауда осы имамдар үйінде екі апталық семинар барысында көбірек білімін шыңдайтын болады.


Хабарламаларға жазылу