Алматыдағы Орталық мешітте имамдардың аттестациясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы Орталық мешітте имамдардың аттестациясы басталды

22.01.2019

Онда мегаполистегі 50 мешіт қызметкері: имам, наиб имам, ұстаз, молда және азаншылар сынақ емтиханын тапсырады. Аттестация екі бөлімнен тұрады: тест түрінде және сарапшы мамандар алдында сұрақтарға ауызша жауап береді. «Мақсаты - елімізде дін саласында қызмет етіп жүрген имамдардың біліктілігін арттырып, білімін үздіксіз дамытып отыруға жағдай жасау», дейді ұйымдастырушылар.

Алау Әділбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары:

- Қазіргі таңда діни мәселелер күрделі мәселелердің бірі болғандықтан, діни қажеттілікке дұрыс жауап беру үшін имамдарымыздың да білікті, білімді, жоғары деңгейде болуы қажет. Бізде имамдардың заман талабына сай біліктілігін арттырып отыруы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан тұрақты түрде қадағаланылады.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу