Еліміздің 16 өңірі «қызыл» аймақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің 16 өңірі «қызыл» аймақта

25.07.2021

Елдегі эпидахуал өте күрделі. Қазір «жасыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ. Ал «сары» аймақта Алматы облысы ғана тұр. Қалған өңірлердің бәрі «қауіпті» деңгейде.

Індетке шалдыққандар саны әлі де 6 мыңнан азаяр емес. Кеше тағы 6631 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Ал, вирустық белгілері бар пневмонияға 212 адам шалдығып, 10 адам көз жұмған. 79 мыңға жуық тұрғын ем алып жатыр, 1438-і ауыр жағдайда. Инфекцияға қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар 5 млн 127 мыңнан асты.


Хабарламаларға жазылу