Қазақстанның 10 өңірі «қызыл» аймақта тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның 10 өңірі «қызыл» аймақта тұр

09.07.2021

Ел бойынша да эпидахуал күрделі болып тұр. Қазір 10 өңір «қызыл»аймақта. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары. Ал, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары «сары» аймақта. Әзірге Түркістан мен Шығыс Қазақстанда ғана жағдай тұрақты.

Індетке шалдыққандар саны да артып барады. Кеше ел бойынша тағы 2909 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 140 адам шалдығып, 5 науқас қайтыс болған. Ал, екпе алғандар саны 4 млн 130 мыңнан асты.

Хабарламаларға жазылу