Маңғыстауда сайлаушылардың 70 пайызға жуығы дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда сайлаушылардың 70 пайызға жуығы дауыс берді

25.07.2021

Түркістан облысында сайлаушылардың барлығы дерлік өз таңдауын жасады. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев айтуынша, 60 ауылдық округке әкім болғысы келетін үміткерлер саны 166. Яғни, кейбір ауылдарда бір орынға төрт үміткер таласқан. Ал, сайлау барысында өрескел заңбұзушылықтар тіркелмеген. Тек Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі бойынша бір азаматтан арыз келіп түскен. Бірақ заңбұзушылық әрекет дәлелін таппады.

Әлібек Өмірәлиев, Түркістан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
Бір сайлаушы екі адамға дауыс берді деп арыз беріпті. Біз ол факті бойынша тексеру ұйымдастырдық. Ол оказывается провакационный арыз болып шықты. Заңбұзушылық жоқ. Одан бөлек бізге арыз-шағымдар келіп түскен жоқ.

Еліміздің батыс облыстарында дауыс беру 1 сағаттан кейін аяқталады. Осы сәтке дейін сайлаушылардың 70 пайызға жуығы дауыс беріп үлгерді. Аймақта тұрғындардың белсенділігі түстен кейін артты. Әсіресе Бейнеу және Қарақия аудандарындағы ауыл тұрғындары саяси науқанға 80-85 пайыз қатысты. Облыстағы 14мыңнан астам сайлаушының 7 мыңға жуығы шоғырланған Түпқараған ауданы Ақщұқыр аулы көш соңында қалған еді. Мұнда да дауыс бергендер қатары көбейіп, 65пайызды құрады.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу