Түркістан облысында 60 ауылдың әкімі сайлау бойынша таңдалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 60 ауылдың әкімі сайлау бойынша таңдалады

25.07.2021

Халқының 80 проценттен астамы ауыл аймақтарда тұратын Түркістан облысында да жұртшылық сайлауға түгел қатысып, дұрыс таңдау жасауға талпынып жатыр.

Ғани Қалмаханов, тілші:
Оңтүстік жұртшылығы, оның ішінде ауыл халқы қай кезде де саяси науқанға белсенді қатысуымен ерекшеленеді. Бұл жолы да солай. Қазір біз тікелей эфирге шығып тұрған Қазығұрт ауданы Атбұлақ ауылындағы сайлау учаскесінде таңдау жасауға асыққан сайлаушылар қатары сәт санап артып келеді.Өйткені таңмен тала тұрып, малын жайғап, егіс басына кеткен ауыл халқы түскі демалыс кезін пайдаланып, сайлауда дауыс беруде. Олар ауыл әкімі болудан үмітті үш азаматтың бірін таңдап алуы тиіс. Ауыл-елдің бесігі, мемлекеттің тірегі. Сондықтан да бұл жолғы сайлау әкімді таңдаумен қатар, ауыл аймақтың өрісті дамуына серіпін береді деп санайды олар.

Әлібек Өрісбаев, Атбұлақ ауылының тұрғыны:
Ауылдың азаматтары өздері сайлап алу деген өте жақсы нәрсе ғой. Бұл біздің демократиямыздың делелі болып саналады. Бәрі қолымызда, мүмкіндігіміз. Қазір қолынан іс келетін адамды сайлағаннан кейін елдің де өркендеуі болады.

Ғани Қалмаханов, тілші:
Атбұлақ ауылындағы сайлау учаскесі бойынша 1 мың 34 азамат дауыс беру құқығына ие. Жалпы Түркістан облысы бойынша бүгін 241 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Бұл жолы 60 ауыл округіне қарасты елді мекен тұрғындары өз таңдауын жасамақ. саяси бәсекеде 210 үміткер бақ сынауда. Оның 10-ы ел басқаруға тәуекел еткен қыз-келіншектер.


Хабарламаларға жазылу