Елімізде тұңғыш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тұңғыш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр

25.07.2021

Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Себебі тәуелсіз мемлекеттің жылнамасында тұңғыш рет ауыл әкімдерін сайлау өтіп жатыр. Қазақстан үшін маңызды саяси науқанды өткізу туралы бастаманы Мемлекет басшысы көтерді. Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр 1 қыркүйекте жариялаған Жолдауында бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайтынын айтқан. Президент атап өткендей, бұл дауыс беру науқаны саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде заңнаманы әзірлеуде көп жұмыс атқарылды. Жолдаудан кейін Ұлттық экономика министрлігі заң жобасы мен түзетулерді әзірлеп, Парламенттің қос палатасы құжатты мақұлдады.

Биыл 25 мамырда Президент заңға қол қойған болатын. Сайлау қарсаңында мемлекет басшысы қазақстандықтарды саяси науқанға белсенді қатысуға шақырып, халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерістерді жүзеге асыру керек деп атап өтті.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу