Арыс қаласындағы жарылыс зардаптарын жоюға айрықша назар аударылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыс қаласындағы жарылыс зардаптарын жоюға айрықша назар аударылуда

25.06.2019

Осы мақсатта полицейлер, құтқарушылар, әскерилер күні-түні жұмыс істеп жатыр. Кешелі бері 19 үйдегі, 9 шаруашылық ғимараттағы өрт сөндірілген.

3 өткізу бекеті қойылған ол жердегі мамандар қаладан шыққан әрбір көлікті тиянақты тексереді. Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі Арысқа бас-аяғы 1200-ден астам қызметкерін жөнелтті. Атап айтқанда, Төтенше жағдай қызметінен 357 адам, полицейлер саны 345, 580 әскери қызметші, бір тікұшақ және 3 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу