Карантин тәртібін бұзғандардың есімі БАҚ-та жарияланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантин тәртібін бұзғандардың есімі БАҚ-та жарияланады

21.07.2021

«Қызыл» жəне «сары» мəртебесіне қарамай қоғамдық орындарға баратын адамдарға қатысты шаралар қатаңдатылады. Алдағы уақытта «қызыл» мəртебесі бар болса да, карантин ережесін елемей жүргендердің аты-жөні бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды. Сондай-ақ «Ashyq»-тың ауқымын кеңейту көзделіп отыр. Енді бағдарламаға кіруге ниет білдірген кəсіпкерлерге қойылатын талаптар жеңілдейді. Сонымен қатар вакциналау туралы жалған құжат жасайтындардың жолын кесу үшін арнайы топ құрылатыны мəлім болды.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу