Түркістан облысында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді
Түркістан облысында эпидахуал күн санап нашарлап барады. Соңғы аптада науқастар саны күрт көбейгендіктен инфекциялық төсек орындар саны артты. Науқастардың басым көпшілігіне пневмония диагнозы қойылған. 52 адам жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылған. Сондықтан мамандар облыс тұрғындарына тездетіп екпе алу қажеттігін ескертеді. Бүгінгі күнге дейін өңірге 607 мың доза вакцина жеткізіліп, 516 мыңдай адам алғашқы компонентін қабылдаған. 128 егу пункті жұмыс істеп тұр. 80 көшпелі егу бригадалары шалғай елдімекендерде егу жұмыстарын жүргізуде. Өңірде карантиндік шектеу шаралары күшейтіліп, демалыс күндері ашық және жабық базарлардың, сондай-ақ қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылды.
Бахтыораз Елемесов, Түркістан облыстық бас санитариялық дәрігерінің орынбасары:
Екі апталық тіркелімді алатын болсақ, коронавирус инфекциялық жағдайы 664 жағдайға өскен. 505-тен 1169-ға. Және пневмония аурушаңдығы 196-дан 234 жағдайға, яғни 38 жағдайға өскен. Бұл ең алдымен «Дельта» вирусының таралуымен байланысты.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы: Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар күшімді саламын
29.09.2026, 23:27
Елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын – Мемлекет басшысы
29.09.2026, 23:13
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05