Президент кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасына көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасына көңіл айтты

21.07.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

«Серік Темірханұлы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында қызмет етіп, жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы үздік мамандардың бірі атанды. Өз ісінің білгірі, соңына өшпес із қалдырған азаматтың жарқын бейнесі ұмытылмайды», – делінген жеделхатта.

Дарынды кардиохирург Серік Бекбосынов 41 жасында қайтыс болды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу