Қызылорда облысында екпе алған зейнеткерге теледидар сыйлыққа берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында екпе алған зейнеткерге теледидар сыйлыққа берілді

19.07.2021

Сыр өңірінде 200 мыңыншы адам екпе алып, оған телидадар сыйлыққа берілді. Вакцина салдырып, тосын сыйға ие болған Қазалы ауданының 73 жастағы зейнеткері. Жалпы еліміздің түкпір-түкпірінде індетке қарсы екпе алушылар қатары көбейіп, халық белсенділігі артып келеді.

Қазалылық ардагер ұстаз Ұрқия Тайпақ қоғам саулығы үшін маңызды науқанға бей-жай қарамай, ерікті түрде екпе алуға емханаға келді. Зейнеткер әуелі алғашқы медициналық тексеруден өтіп, дәрігерден кеңес алды. Вакцинадан кейін зейнеткердің ағзасында ешқандай теріс әсер байқалған жоқ.

Ұрқия Тайпақ, зейнеткер:
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген жөн. Үйіңнен сыртқа шығуға қорқып отырғанша, вакцина қабылдап, еркін жүргенге не жетсін. Сондықтан барлық аудан тұрғындарын вакцина салдыруға шақырамын.

Ақмола облысында да екпе алғандардың саны 200 мыңға жуықтап, міндетті деп білгіленген халықтың 48 пайызына жетті. Аймақта 139 вакцинациялау орны жұмыс істейді. 120 жедел топ бар. Екпе алғандардың арасында ауыл тұрғындарының үлесі басым. Солардың бірі - 71 жастағы ардагер Есенбек Әбішев.

Есенбек Әбішев Красный Яр ауылының тұрғыны:
Симптом ештеңе болған жоқ. Бәрі де жақсы. Сіздердің алуларыңыз болады. Бұл өздерің үшін, осы жаман ауруды кетіруге арналған вакцина екен. Осы вакцинаны алғандарың өздеріңе де керек. Үй ішімен бәрімен алу керек. Біз өзіміз алып жатырмыз.

Жамбыл облысында бір тәулікте 2400-ден астам адам ковидке қарсы екпе алды. Қазір ауруға қарсы вакцина салдырғандардың саны үш жүз мыңға жуықтаған. Қазір өңірдің барлық аймағында екпе кабинеттері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Мәселен, Меркі ауданында 39 мың адамға вакцина салу жоспарланған. Қазір дәрігерлер ол жоспар 50 пайызға орындалды дейді.

Жанар Оспанова, Меркі ауданы ауруханасының бас дәрігері:
Бүгінгі таңда солардың бірінші компаненті 50 пайыздан аса алып бітті. алдағы уақытта екпе жұмысы қарқынды жалғасады. Себебі бүкіләлемдік медицинада осы індетке ковидке қарсы ең тиімді әлістің бірі осы екпе екпе жасау болып табылады.

Теріскей халқы да қарқынды түрде екпе алып жатыр. Вакцинаның бірінші компонентін қабылдағандар саны 181 мың адамға жетті. 100 мыңнан астам тұрғын дозаның екеуін де салдырған. Дәрігерлер ауылдарды аралап, халыққа екпе салып жүр. Ал аудан орталықтарында тұрғындар жылжымалы бекеттердің қызметін пайдалана алады.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу