Көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа принциптері енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа принциптері енгізіледі

16.07.2021

Пәтер иелері кооперативтерінің орынна мүлік иелері бірлестігін құру арқылы коммуналдық шығындарды азайтуға болады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызыметінде өткен баспасөз жиынында айтылды. Басты мақсат - пәтер иелерін үйге инвестициялық портфель ретінде қарап, күтіп ұстауға үйрету. Салаға жауапты мамандардың айтуынша мүлік иелері бірлестігі ешқандай коммерциялық ұйым емес, оны бұрынғы пәтер иелері кооперативтерімен шатастырмау керек! Яғни, екеуі екі түрлі құрлым. Қазір республика бойынша пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестігінің арасындағы 68 даулы іс сотта қаралып жатыр. Оған қаржылық-техникалық есептердің дұрыс өткізілмеуі себеп болып отыр. Сонымен қатар, тұрғындар пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестігінің рейтингін «Е-шаңырақ» ақпараттық жүйесі арқылы қарап, өзіне ыңғайлы ұйымды таңдай алады.

Нұрбек Серіков, «ТКШ Қазорталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
Бүгінге дейін жаңа басқару формасындағы 7499 бірлестік құрылды. Оның 1554-і мүлік иелерінің бірлестігіне тиесілі. Біз пәтер иелерінің іске тікелей араласуына бағытталған бірлестік құрсақ дейміз. Мысалы, МИБ жұмысында әрбір пәтер иесінің талабы мен өтініші ескеріле отырып, дауыс беру жүргізіледі. Қортынды есеп бойынша хаттама толтырылып, әрі қарай ХҚКО арқылы әділет органдарына жолданады.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу