Құрбан айт қарсаңында Алматы кіреберісінде бекеттер қойылды
Алматының бас санитар дәрігері Құрбан айт мерекесіне орай жаңа қаулыға қол қойып, шектеу шараларын күшейтті. Құжатқа сәйкес қалада 20-22 шілде аралығында түрлі ұйымдарда, жеке үйлер мен медреселерде көпшілік шара ұйымдастыруға, мегаполис аумағындағы мал сою цехтары мен базарлардың жұмысына тыйым салынды.
Тұрғындар Qurban2021.kz сайты арқылы өтініш беріп, онлайн режимде құрбан шалуына мүмкіндік бар. Сондай-ақ, бүгіннен бастап мал кіргізуге жол бермеу үшін қаланың 12 кіреберісіне өткізу бекеттері қойылды. Мұнда полицейлер, экологтар мен ветеринар мамандар 22 шілдеге дейін жүк көліктерін тексереді. Талапқа сәйкес, малды арнайы орынға, онлайн құрбандық шалынатын жерге жеткізуге рұқсат алғандар ғана тасымалдайды.
Есен Мырзагелді, Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор:
Келе жатқан малдардың өзінің ветеринариялық анықтамасы болады. Ол қай жаққа бара жатыр, егесі. Сол анық қаралады. Егер баратын адресі анық болмаса, кейін қайтарылады. Бүгінгі таңға ондай жағдайлар әзірге болған жоқ.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Дискуссия алаңында 15 тақырып талқыланды
24.08.2026, 20:57
Ғалымдар Жанкент шаһарын 20 жылдан бері зерттеп келеді
24.08.2026, 20:54
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
24.08.2026, 20:50
Жаңбыр соңы қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады
24.08.2026, 20:44
«Жаңа оқу жылына - таза мектеп» акциясы өтуде
24.08.2026, 20:19
Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
24.08.2026, 20:17
Елімізде міндетті сақтандыру жүйесі өзгереді
24.08.2026, 20:12
Амандасуда ұлттық әдеп бар
24.08.2026, 20:09