Бүгін - Түркия Республикасының демократия және ұлттық бірлік күні
Бүгін Түркияда Демократия және ұлттық бірлік күні. Осыған орай Түркия республикасының Қазақстандағы елшілігі 5 жыл бұрын бауырлас мемлекетте әскери төңкеріс жасамақ болғандардың әрекетінен қаза тапқандарды еске алды. 2016 жылдың 15-шілдесіндегі қаралы түні 251 азамат мерт болып, 2 мыңнан астам адам жараланған еді. Құрбандарды еске алуға байланысты елшілікте арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда Түркияда орын алған төңкеріс түніндегі фотосуреттер қойылған.
Уфук Экиджи, Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
Feto террористік ұйымынан төнген қауіпті сейілтудегі ең үлкен үлес – өз еркіндігі жолында ешбір күшке мойынсұнбайтын, мемлекетін және демократиялық жетістіктерін қорғау үшін өз өмірлерін беруге дайын түрік халқына тиесілі. Президентіміздің басшылығы мен халқымыздың табандылығы арқасында бұл опасыз төңкеріс әрекеті сәтсіз аяқталды.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысындағы Ақсу су қоймасының айналасына ағаш екті
04.11.2026, 17:28
Павлодардағы палеонтологиялық ескерткіш сын көтермейді
04.11.2026, 17:27
Ерекше қажеттілігі бар балалар орталығы ашылды
04.11.2026, 17:25
Дәрі-дәрмекті заңсыз саудалап жүрген 21 адам ұсталды
04.11.2026, 17:22
Ертеңнен бастап кей аймақта күн суытады
04.11.2026, 17:20
АҚШ: Демократтар басым түсті
04.11.2026, 17:18
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
04.11.2026, 17:17
Финляндияда Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылады
04.11.2026, 17:15