Құрбан айт намазы қалай оқылады - Бас мүфти түсіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрбан айт намазы қалай оқылады - Бас мүфти түсіндірді

15.07.2021

Елімізде карантин жағдайында құрбан айт мейрамын өткізудің және құрбандық шалудың жаңа ережелері бекіді. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты. Бас мүфти Құрбан айт мейрамында кәсіпкерлерді мал бағасын қымбаттатпауға, азық-түлік бағасына жеңілдік жасауға шақырды. Сонымен қатар, Құрбан айт намазына қойылатын нақты талаптар туралы айтты.

Биыл құрбан шалу 2 жолмен жүзеге асады. Бірінші жолы санитарлық эпидемиологиялық мекемелері тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып, «сары» және «жасыл» аймақтарда онлайн және офлайн форматта өткізу. Екіншісі еліміздегі «қызыл» аймақта тұрған өңірлерде өткен жылдың тәжірибесін қолданып qurban2021.kz сайыты арқылы тек онлайн тәсілмен құрбан шалуға болады.

Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:
Ардақты ағайын ағымдағы жылы 20 шілдеде республика аумағында таңғы сағат 7.00-де қатаң санитарлық норма талаптарын сақтай отырып, аймақтарда 10 минуттық Құрбан айт намазы оқылады. Дегенмен, «қызыл» аймақта Құрбан айт намазын оқу жергілікті санитарлық мемлекеттік бас дәрігердің Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. 9.30- осы ретте жамағаттан қауыпсіздік шараларын қатаң сақтауды, айт намазы біткен сәтте мешіт ауласында көп тұрақтамауды сұраймыз.

Ершат Ағыбайұлы, ҚМДБ төрағасының орынбасасы:
Биыл құрбандық шалатын арнайы орындарда «Ашық» мобильді қосымшасы іске қосылатын болады. Атап айтқанда, «қызыл» және «сары» мәртебесі бар азаматтар құрбандық шалу орындарына жіберілмейді. 20 шілде күні сағат 7.20-дан бастап «сары» және «жасыл» аймақтағы өңірлердегі алдын ала жазылған тұлғалар белгіленген уақытта құрбан шала алады. Әр адамға бір сағат уақыт беріледі.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу