Қызылорда облысында карантин талабын бұзған 6 адамға айыппұл салынды
Қызылорда облысында 21 тұрғынның карантин талаптарын өрескел бұзғаны анықталды. Олар ПТР сынамасы оң нәтиже көрсете тұра, оқшауланбай, қоғамдық орындарға барған. Үй жағдайында отырудың орнына, серуен құрып жүргендер «Ашық» бағдарламасы арқылы анықталған. Олардың көбі қоғамдық тамақтану орындарында тіркелген. Өзгелерге індет жұқтыру қауіпін туғызған 6 адамға 87 мың теңгеден айыппұл салынды. Қалған 15-іне де хаттама толтырылған. Ең сорақысы, кейбір тұрғын өзінің коронавирус инфекциясын тасымалдаушы екенін біле тұра, бірнеше мәрте оқшаулану талабын бұзған.
Ерлан Ұзақбаев, қалалық Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:
Бір азаматшамыз екі рет үй карантинін бұзған. Тағы бір азаматша үш рет бұзған. Яғни әрбір дерек бойынша жеке-жеке 87 510 теңге айыппұл тағайындалуда. Барлық індетке шалдыққан азаматтарға тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қолдарына қолхат беріліп келеді. Алайда, тұрғындарымыз үй карантинін бұзуға жол беріп отыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17