Петропавлда жаңадан бой көтерген үйлердің төбесінен су ағып жатыр.
Тұрғын үй мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған. Тұрғындар әбден әбігерге түстік деп налиды. Баспананың құрылысы биыл көктемде аяқталған. Бірақ нысан алғашқы жаңбырға шыдас бере алмады. Көршілес орналасқан үйдің де жағдайы осындай.
9-шы қабатта тұрып жатқан тұрғындар тамшы астына ыдыс төсеп әлек. Шамадан тыс ылғалдың әсерінен үйдің сылағы түсе бастаған.
Көпқабатты баспана «7-20-25» бағдарламасы бойынша 2019 жылы халық игілігіне берілген. Кепілдік мерзімі бір жыл. Құрылысты «Основание» серіктестігі жүргізген. Компания жұмысшылары қазір шатырды қайта жөндеуге кірісті.
Антон Зенченко, құрылыс алаңының басшысы:
Біздің кінәміз жоқ. Комиссия үйді қабылдап алды. Бәрін сметалық құжаттарға сай жасадық. Қазіргі құрылыс материалдары сапасыз. Жобаны жасағанда осыны ескеру керек. Осы үйде ғана емес, басқа нысандарда да проблема бар.
Эльмира Кәленова