Ақмола облысында карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі
Ақмола облысында карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі. Қала ішіндегі қоғамдық көлік демалыс күндері жүрмейді. Ал қалааралық автобус қатынасы мүлдем тоқтайды. Жабық жағажайлар мен аквопарктердің, ойын алаңдарының жұмысына рұқсат жоқ. Көпшілік іс-шаралар, спорттық жарыстар өткізуге болмайды. Сауда орталықтары, жабық базарлар алтыға дейін ғана істеп, демалыс, мереке күндері жұмысын тоқтатады. Себебі өңірдегі эпидемиологиялық ахуал қиын. Алдыңғы аптамен салыстырғанда науқастар саны 3 есе көбейген. Жұмысына рұқсат берілген нысандар «Ашық» бағдарламасын қолдану керек. Облыста осы жүйеге қосылып, бірақ келушілерді тексермейтін орындар көбейген. 77 нысан көш соңында, оның 15-і келушілерді мүлдем тексермеген. Сондықтан мамандар бағдарламаға немқұрайлы қарамау керектігін ескертеді.
Айнагүл Мусина Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
«Ашық» бағдарламасы арқылы «қызыл» және «сары» санатты 190 адамның қоғамдық жерлерге барғаны анықталды. Оның 79- ы «қызыл» санаттағылар. Бұл кісілер үйде оқшаулану керек. Осылайша, бағдарлама өз тиімділігін көрсетіп отыр. Сондықтан кәсіпкерлерге келушілердің барлығын қосымша арқылы тексеру керектігін ескертемін.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
24.08.2026, 20:50
Жаңбыр соңы қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады
24.08.2026, 20:44
«Жаңа оқу жылына - таза мектеп» акциясы өтуде
24.08.2026, 20:19
Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
24.08.2026, 20:17
Елімізде міндетті сақтандыру жүйесі өзгереді
24.08.2026, 20:12
Президент дарынды оқушыларды марапаттады
24.08.2026, 20:08
Сарапшы: Сайлау халықаралық стандарттарға сай өтті
24.08.2026, 20:07
Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Ресей, Сербия президенттері сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады
24.08.2026, 20:06