Жамбыл облысында 96 жастағы ардагер вакцина алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында 96 жастағы ардагер вакцина алды

13.07.2021

Жамбыл облысы Шу ауданында 96 жастағы әжей вакцина салдырды. Жаңа жол ауылының тұрғыны Ифрат Халяпова «Спутник-V» екпесінің екі компонентін де толық алған. Ашаршылық жылдарындағы қиындық пен сұрапыл соғысты көрген Ифрат Нуруллақызы індеттен сақтанудың бір жолы вакцинация екенін жақсы біледі. Дәрігерлер жүзге таяғанда екпе алған зейнеткердің жағдайы қазір бірқалыпты дейді

Абылай Мұрат, эпидемиолог-дәрігер: 
Бірінші турына келгенде өз еркімен өзі салам деп өзі ниетін білдірді. Вакцинасын алып, бізде үш күн болды. Біздің дәрігердің қарауында болып, екі компонентін де алды. Қазір 11 мыңнан аса адам екпе қабылдады. Ол біздің ауданымыздың 40-42 пайызы мөлшеріне жетеді.   

Ал, Маңғыстау облысында екпе алуға ниет білдіргендердің саны төрт есеге көбейген. Соңғы екі аптада вакцина салдырғандар 20 мыңнан асты. Бұған дейін бес айда ковидке қарсы вакцинаны 60 мыңдай адам қабылдаған болатын. Дәрігерлер қазір екпе кабинеттеріне еңбек ұжымдары лек-легімен келе бастады дейді. Вакциналау пурнкттерінде арнайы тәжірибеден өткен 500 ден астам білікті маман еңбек етіп жатыр  


Хабарламаларға жазылу