Шымкенттен Алматыға бағыт алған ұшағында көз жұмған баланың онкологиялық аурумен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясының өкілдері мәлімдеді. Еске салайық, бірер күн бұрын ұшақ әуеге көтерілгенде бортта отырған 9 жасар баланың денсаулығы күрт нашарлап, ақыры жеткіншек қайтыс болған еді.
«Жолсеріктер дер кезінде борттағы дәрігерлерді анықтау үшін хабарландыру жасағаны, алайда, дәрігер болмағандықтан, балаға жедел көмек көрсеткені жазылған. Әуе командирі төтенше жағдайды хабарлаған соң ұшақ қонуға мәжбүр болды. Өкінішке орай, дәрігерлер баланы ажалдан арашалап қалмады. Кейін жүргізілген тергеу амалдары нәтижесінде баланың қатерлі ісікпен ауырғаны анықталды. Бірақ анасы бұл жайлы әуе компаниясына алдын ала ескертпеген», - делінген хабарламада.
Ламбриан Топузидис