Әр балаға 42 500 теңге тағайындауға қаражат жетпейді
Ана мен баланы қолдау жалғасатын болады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері айтты. Биыл 180 мыңнан астам отбасыға дүниеге сәби келуіне орай құттықтау хабарлама жіберілген. Хатта қосымша жәрдемақы тағайындалатыны туралы ақпарат та жазылған. Алайда 35 мың отбасы ғана хатқа жауап беріп, проактивті форматтағы жәрдемақыға ие болды. Өзге 145 мың хабарлама жауапсыз қалғандықтан, әлеуметтік көмектен қағылды. Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры өзге де бірқатар жәйттерге тоқталды. Мәселен ол табысына қарамастан әр балаға 42 500 теңге тағайындауға қатысты сұраққа жауап берді.
Асқар Ниязов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директоры:Егер 42 500 теңгені 6,2 млн-ға көбейтсек, ай сайын 263 млрд теңге, жылына 3,2 трлн теңге шығады. Ал Еңбек министрлігінің халыққа көрсететін әлеуметтік қолдау іс-шараларына жұмсайтын қаражаты 3,9 трлн теңгені құрайды. Енді оған 3,2 трлн теңге қосатын болсақ, онда бұл еліміздің басқа да маңызды салаларға жұмсалатын қаражатының шектелуіне әкеп соғуы мүмкін.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22