Шымкентте COVID-19 жұқтырғандар саны артты
Шымкентте де эпид ахуал күрделі. Өткен тәулікте 210 адам коронавирус жұқтырған. Бұл соңғы кезде тіркелген ең жоғарғы көрсеткіш. 87 науқас ауруханаға жатқызылса, қалғандары дәрігерлердің бақылауында. Үнділік «Дельта» штамының таралуы да өршіп барады. Апта басында бір адамнан анықталса, қазір олардың саны жетеуге жетті. Ауруханалардың жартысы науқастарға толды. Дәрігерлер екпе салдыруды жеделдетіп, ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажет деп отыр. Мегаполисте індетке қарсы препарат қоры жеткілікті. Вакцина салдырды деген жалған паспорт сатып алатындардың жолын кесу үшін, екпе кабинеттеріне бейнебақылау қондырғысы орнатылды.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04