Арал ауданында түйелер жұқпалы ауруға шалдығып жатыр
Арал ауданында түйелер жұқпалы ауруға шалдығып жатыр. Қуаңшылықтан қысылған шаруаларға бұл жығылғанға жұдырық болды. Мамандар өркешті жануарлар некробактериоз індетімен сырқаттанған деген болжам жасауда.
Малдың табаны түсіп, қанталап жатқанын түсіріп алған тұрғындардың бейнежазбасы әлеуметтік желіге кең тарап үлгерді. Бұл ауру өңірде соңғы рет 1990 жылдары тіркелген. Ветеринарлардың айтуынша, қыста азық таппай, қоңсыз шыққан түйелер тез ауруға шалдығады. Ал оныңемі тегін көрсетілетін аса қауіпті індеттердің тізіміне енбеген. Сондықтан, әр шаруа өз малын өз қаржысына емдейді. Басты мәселе - жұқпалы аурудың жаппай таралуына жол бермеу.
Әнуар Дәрмағанбетов, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:
Қазіргі таңда осы 13 бас тек Арал ауданы Жақсықылыш кентінен, Қарақұм, Шижаға ауылдарынан байқалып отыр. Екеуден-үшеуден анықталып отыр. Бұл аса қауіпті ауру емес. Вет мамандар тұрғылықты халықтың өзінің қаржысы есебінен тегін барып емдеп жатыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17