Ұлыбританияда 19 шілдеден локдаун аяқталады
Жаппай екпенің арқасында Ұлыбританияда шектеулер толығымен доғарылмақ. Англия халқы енді қоғамдық орындарда маска тақпайды. Бір жарым метрлік әлеуметтік ара қашықтық талабы да алынып тасталады. Лондондағы тілшіміз Марина Бекенова байланыста.
Марина Бекенова, тілші:19 шілдеден бастап, ғимарат ішінде бетперде тағу-тақпауды халық өзі шешпек. Концерт, футбол ойындары көрермендерінің санына қойылып келген шектеулер алынып тасталады. Мұның бәрі елде вакциналау науқанының сәтті жүргізілуімен байланысты, дейді биліктегілер. Ұлыбритания екпе салдырғандар саны бойынша Еуропада көш бастап тұр. Қыркүйекке дейін ересектердің барлығы вакцинаның қос дозасын алып үлгереді деген жоспар бар.
Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі:Вакциналар науқастар мен бақилық болғандар санын азайтты. Күн өткен сайын екпелердің шынымен де тиімді екеніне көзіміз жетті. Ауруханаға түскендердің басым көпшілігінің вакцина алмағандығы белгілі болып отыр.
Бірақ премьер-министр «еркін өмір» басталғаннан кейін осы айдың соңына таман күніне 50 мың адамға дейін ковид жұқтыруы мүмкін екендігін айтады. Ал қыста жағдай бұдан да күрделі болуы мүмкін. Әсіресе, жылдам тарайтын дельта штамынан келетін қауіп зор.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02