«Арыстан» әскери мектебіне 10 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Арыстан» әскери мектебіне 10 жыл толды

08.07.2021

«Арыстан» мамандандырылған лицейіне 10 жыл толды. Әскери бағытта білім беретін мекемеде 240 тәрбиеленуші бар. Жыл сайын осында оқуға бір орын үшін 12 жеткіншек сайысқа түседі. Үздіктердің үздігін қабылдайтын білім ордасы аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан балаларға басымдық береді. Мектеп түлектері әлемнің жетекші университеттерінде білімін жалғастырады. Лицейде 13 қосымша білім беру бағдарламасы мен 27 шығармашылық үйірме бар. Спорт залдары, бассейн жұмыс істейді. Заманауи аппаратурамен қамтылған 215 орындық көрермендер залы мен 20 мыңнан аса кітап қоры бар кітапхана да осында. Лицей аумағында дербес медициналық орталық жұмыс істейді.

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу