Назарбаев университетіне 10 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев университетіне 10 жыл толды

15.06.2020

Назарбаев университетіне 10 жыл. Атаулы датаға орай білім ордасының ұжымы мен тәлімгерлерін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады. 2010 жылы есігін ашқан университетті осы уақытқа дейін 5 мың түлек тәмәмдап, еліміздің түкпір-түкпірінде табысты еңбек етіп жүр. Елбасы олардың жұмысына сәттілік тілеп, алдыңғы қатарлы оқу ордасының қабырғасынан әлі талай мықты ғалымдардың шығатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ Елбасы білімді жастарды қолдау үшін барлық жағдай жасалып жатқанын жеткізді. Өйткені елдің болашағы дарынды қыз-жігіттердің қолында деді Назарбаев. Сол үшін елімізде жас ғалымдарды қаржылай қолдайтын венчурлық қорлар көбеймек. Әрі стартапшыларға идеясын іске асыру үшін арнайы зертханалар саны артады.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу