Елордада медициналық туризм дамып келеді
Елордада медициналық туризм дамып келеді. Мысалы, бір ғана Ұлттық нейрохирургия орталығының өзіне соңғы 10 жылда 350 шет ел азаматы келіп, емделген. Өйткені, бұл орталық нейрохирургия саласында Орталық Азиядағы көшбасшы клиника. Ал, жалпы қалада халықаралық JCI сертификатын алған 7 медициналық ұйым бар. Яғни, олар әлемдік стандартқа сай қызмет көрсететін орталықтар қатарында. Әсіресе, телемедицина, роботты техника, жасанды интеллект арқылы емдеуге сұраныс жоғары. Коронавирусқа байланысты медициналық туризм шаралары шектелсе де, былтыр 50, биыл 47 шетелдік азамат емделуге келген.
Алмас Қыдыров, Ұлттық нейрохирургия орталығы жалпы нейрохирургия бөлімшесінің координатор дәрігері:Біздегі нейрохирургия орталығы жабдықталу жағынан өте қазіргі заманға сай жабдықтармен жабдықталған. Және де басқа елдерге қарағанда осында ақылы төлемі бізде ең төмен. Мысалы Германияда ем қабылдау бізден қарағанда 10-15 есе жоғары. Оңтүстік Кореяда бізден 8-10 есе жоғары.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05