Нұр-Сұлтанда Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш орнатылды
Еліміздің астанасында қазақтың біртуар перзенті – Қаныш Сәтпаевтың ескерткіші ашылды. Салтанатты рәсімге қатысқан мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев аға буын үшін Қаныш Сәтпаев халыққа қалтқысыз қызмет қылудың үлгісі болғанына тоқталып, қайраткердің елдің экономикалық ғана емес, әлеуметтік және рухани өміріне белсене араласқанын айтты. Халқымыз оны адалдығы, азаматтығы, отансүйгіштігі үшін қадірлейді деді. Жобаны іске асырған Павлодар облысы және Баянауыл белсенділері. Скульптор - Асқар Нартов.
Астанамызда тағы бір ұлт мақтанышы – Дина Нұрпейісоваға ескерткіш қойылды.
«Қазақ пен домбыра егіз ұғым. Домбыра күні қарсаңында күй анасына ескерткіш қоюдың символдық мәні зор. Бұл бүгінгі ұрпақтың ұлттық құндылықтарға құрметін көрсетсе керек», - деді Қырымбек Көшербаев.
Ескерткіш скульпторы – Бауырқан Жалын. Атырау облысының көмегімен жасалды. Биыл күйшінің 160 жылдығы. Екі ескерткіш те Президенттің тапсырмасымен қойылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04