Коронавирус: 13 өңір «қызыл» аймақта тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус: 13 өңір «қызыл» аймақта тұр

15.07.2021

Коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші бойынша үш күн қатарынан антирекорд тіркелді. Кеше тіпті індеттің ілмегіне іліккендердің саны 5 мыңнан асып кетті. Қазір «қызыл» аймаққа өткен өңірлер саны 13 болды. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары. Ал, Алматы мен Жамбыл «сары» аймақта тұр. Әзірге Түркістан мен Шығыс Қазақстанда ғана жағдай тұрақты.

Кеше 5314 адамның вирус жұқтырғаны анықталса, вирустық белгілері бар пневмонияға 127 адам шалдыққан. Коронавиурс пен пневмониядан бір күнде 57 науқас көз жұмған. Қазір 47 мыңнан астам адам емделіп жатыр, 919 науқастың жағдайы ауыр. Ал, екпе алғандар саны 4 млн 705 мыңнан асты.

Хабарламаларға жазылу