Ауғанстанның Бағрам әуе базасынан соңғы шетелдік жауынгер кетті
Ауғанстанның Бағрам әуе базасынан АҚШ және НАТО жауынгерлерінің соңғы легі кетті. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бұл база толықтай жергілікті қауіпсіздік күштердің бақылауына көшкен.
Шетелдік сарбаздардың Ауғанстаннан шығуына бұған дейін тәліптермен жасалған бейбіт келіссөз себепші. Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден америкалық контингенттің Бағрамнан қыркүйектің 11-не дейін шығатынын мәлімдеген еді.
Айта кетсек, Ауғанстан - жерінің 40 пайызы тәліптердің бақылауында. АҚШ барлаушылары коалиция күштерінің шығуынан кейін Ауғанстанда азаматтық соғыс өрті қайта тұтануы мүмкін екенін болжап отыр.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02